Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2023

28.02.2023

2023 жылғы 28 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мақсаты: жұмыс берушілер мен жұмысқа мұқтаж колледж түлектерінің мүдделерін жақындастыру, түлектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, мектеп түлектерін кәсіптік бағдарлау. Іс-шараға колледждің 270 түлегі, Петропавл қаласы мектептерінің 9-сыныптарының 65 оқушысы және колледж мамандарын даярлау бейініне сәйкес келетін СҚО-ның 22 түрлі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының өкілдері шақырылды. Іс-шараға қатысушыларға колледж директоры Е.А.Жақыпов құттықтау сөз сөйледі, жұмыс берушілер Петропавл ЖЭО-2 персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы О.Ф.Зозуля және азаматтық қорғау подполковнигі, СҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы Р. Г.Нұртазин сөз сөйледі. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушыларға 11 мамандық бойынша білікті кадрлар даярлау туралы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара бағдарламасы аясында жұмыс берушілерге кадр мәселесін шешуге, ал колледж түлектеріне жұмыс табуға және ертеңгі күнге сенімді болуға мүмкіндік беретін диалог алаңы өтті. Мектеп түлектері үшін колледждің оқу-өндірістік кешені бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара МТРК және "QYZYLJAR"телеарналарының жаңалықтар ленталарында жарияланды.



Текст
Виртуальная приемная